БАЙЗАҚ: МӘДІМАРЛЫҚТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

БАЙЗАҚ: МӘДІМАРЛЫҚТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мәдімар ауылы «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылықтың ұйымдастыруымен мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған ел ағалары  «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында жағдайы төмен  7 отбасыға  азық-түліктей қайырымдылық жасады.

         Сонымен қатар, мешітке 20 000 теңге көлемде қаражат және өздері оқып, түлеп шыққан мектепке 200 000 теңге көлемінде мектепке керекті құрал-жабдықтарды алып берді.

     Ауыл имамы Рахметов Жақсылық ел ағаларына алғысын айтып, отбасы құндылықтарын насихаттап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртып, келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай із қалдырудың маңызына тоқталды.

         Жалпы қайырымдылыққа жұмсалған қаражат 460 000 теңгені құрады. Алла сауап жазсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: