ЖАМБЫЛ: ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

ЖАМБЫЛ: ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы,  "Арынғазы" мешітінің ұстазы Уншарбаев Малик діни сауатын ашқысы келетін ауыл тұрғындарына ақшам дәрістерін үздіксіз өтіп жүр. Әсіресе ауыл жастарын бос уақыттарын тиімді пайдаланып, болашаққа дұрыс бағыт- бағдар беру үшін ақшам дәрістеріне тартуда.

Имандылықтың ұйытқысы болған ауылда жастардың мешіт ұстазына деген ықыласы ерекше. Ұстаз жастарды өзегі дін болған дәстүрлі тәрбиеге баулып, мешіттің түрлі шараларында ұстазға қол ұшын беріп, ризашылықтарын білдіріп жүреді. Жастарымыз дәрістерде ұстазды ынта- шынтасымен тыңдап, алған білімдерін, іні-бауыр, қарындастарына үйретіп, мешітке шақырып жүреді.

Әрине ақшам дәрістеріне жастармен қатар аға буынның да өкілдері өз кезегінде қатысып тұрады. Имандылық ұялаған мекенде ынтымақ пен береке тұрақты болары хақ. Ұстаздарымызға осы жолда сәттілік серік болғай!

Жамбыл ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: