Ақкөл ауылы "Ақкөл" мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдиннің ұйымдастыруымен мешіт асханасына жиналған жамағатқа елімізде “таблиғи жамағаты” діни ағымы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сейткамаладдин имам бұл діни ағымның елімізге зардабы орасан зор деп сөзін бастап, аталмыш ағымның шығу тарихы, таралған аумақтары, ұстанушылары, өзгешеліктері туралы кең көлемді баяндама жасады.
Жиын соңында, имам жастарымызды аталмыш діни ағымнан сақтандыруымыз керек деп сөзін тәмамдады. Өз кезегінде, көпшілік Сейткамаладдин имамға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.