Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Жаңадан шыққан пәтуалардың бірқатарымен таныстырып, халыққа баяндап жеткізді. Жиын соңынан, Үмбет имам жамағатта туындаған сұрақтарға жауап берді.
Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз. Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтанамыз»- деп атап өтіп, пәтуалармен танысудың аса маңызды екендігін жеткізді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі