Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы бастамасымен жұма намаздан кейін ауданға қарасты барлық мешітте Ұлы Отан соғысында қаза болған ата-бабалар рухына арнап құран оқылды, хақыларына дұға қылынды.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай баяндайды: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, оған он сауап жазылады» (Термизи). Ал басқа бір өсиетінде: «Кімде-кім Құранды оқыса және оған амал қылса, Қиямет күні ол адамның ата-анасына нұры күннің нұрынан да әдемі болған тәж кигізіледі. Ендеше, амал қылған адамның өзі жайлы не ойлайсыңдар?» – деген (Әбу Дәуіт). Демек Құранды оқып, оған амал қылған адамның өзіне бұдан да артық сый-сияпат көрсетіледі деген сөз.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі