VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы басталды.

Форумға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі  Қанат Жұмабайұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар және Сарапшылар кеңесінің мүшелері, медресе-колледж бен қарилар орталығының директорлары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан онлайн және офлайн форматта 1000-ға жуық имам қатысуда.

Игі іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталып, қасиетті Құран аятымен ашылды. Одан кейін мүфтияттың жыл басынан бері атқарған іс-шаралары туралы бейнеролик көрсетілді.

Форум бағдарламасына сәйкес «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы», «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» тұғырнамасы құжаттары қаралып, қабылданбақ. Басқосу соңында форум Үндеуі жарияланады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: