Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде бас имамның бастамасымен тал егіліп, жасыл желекке он бес түпке артты. Шараға мешіт қызметкерлері мен жамағаты және аудан тұрғындары белсене атсалысты. Тал егу – қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан таза ұстаудың бірден- бір жолы.
Жалпы тал егу шариғатымызда садақа жарияға жатады. Демек, егілген талдан құрт- құмырсқа, жәндіктер, жануарлар мен адамдар пайдаланған сайын иесіне үздіксіз сауаптар жазылып тұрады. Ізгі амалды жылда үрдіс ретінде қалыптастырып, жасауға жамағат пен аудан тұрғындарын шақырамыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі