Тазалық – адамның әдебі, мәдениеті, рухани кемелдігінің көрсеткіші. Сондықтан да мұсылман адам ішкі жан-дүниесін, тәнін, киімін, жейтін асын таза ұстауға аса мән беруі қажет.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе ризық етіп бергеніміздің тазасынан ғана жеңдер», – деп бұйырған. Тазалықтың маңыздылығы барлық жерге қатысты. Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешіті имамы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен қабыр басында сенбілік жасалды. Тазалыққа ауыл тұрғындары қатысты. Барлық жәрдем берген жандарға алғыс айтылды. Ізгі амалдарымыз қабыл, ниеттеріміз асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі