#Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақат ауылы Сүлеймен мешітінің имамы Азамат Барменұлы ауылдық мектептің қызметкерлерімен кездесіп, «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыпта насихат жасады.

  Ауыл имамы насихатында: ««Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана халықтың ұрпағымыз. Бұл барлық жағдайда сақтыққа шақыратын ұран болғанымен қазіргі жаһанданудың салқыны шарпыған көптеген елдерде радикализм мен экстремизм індеті өршіп тұр. Кеңестік жүйеден шығып, идеологиялық тұрғыдан  есін жиып, етек-жеңін жауып үлгермеген еліміз азаматтары да осы індеттен ада емес. Имандылыққа бет бұрып, діндарлық жолын таңдағандар да қазір көптеп саналады. Соның ішінде діндарлық деп әсіре діншілдікке, имандылық деп адасушылыққа ұрынған отандастарымыз да жоқ емес. Ендігі міндет халыққа теріс ағымдар туралы ескертіп қана қоймай, сол ағымның құрығына түскен (олар өздерін адасушылармыз деп санамайды) азаматтарды қайтадан қоғамға бейімдеу. Бұл да көп еңбек пен жүйелі жұмысты қажет ететін шаруа»,- деп, кеңінен баяндап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: