Меркі ауданы, Аспара ауылындағы «Ыбырайым ата» мешітінің имамы Дархан Серікбаев Аспара ауылы маңындағы шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаздармен кездесу өткізіп, «Патриотизм және Дін» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында дін мен елге деген сүйіспеншіліктің үндестігі, Отанды қорғау – иманнан туындайтын асыл борыш екені түсіндірілді. Сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани тәлім-тәрбие берілді.
Игі шара сарбаздарға рухани серпін сыйлап, отаншылдық рухын нығайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі