Меркі: Уақып турасында насихат айтылды

Меркі: Уақып турасында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров жамағатпен кездесіп, «Уақып қоры» туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында уақыптың сарқылмайтын сауап көзі екені, оның қоғамдағы игілікті орны мен әлеуметтік маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мешіт жамағатына уақып арқылы атқарылып жатқан істер мен халыққа тигізіп жатқан көмегі жайлы нақты мысалдар келтірілді.

Жиын соңында наиб имам жамағатты сауапты істерде белсенді болуға, қоғам игілігіне қызмет етуге үндеді.

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: