Жамбыл облысы бойынша "Уақып" қорының ұйымдастыруымен жалпы құны 1 миллион теңгені құрайтын жаңа киімдер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Қор жұмысына жауапты имам Есет Таласбаев көмекке мұқтаж жандармен арнайы дидарласып, әр отбасыға қажетті киім-кешектерді өлшеміне сай таңдап алуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, кейбір үйлерге арнайы барып, сыйлықтарын өз қолымен табыстады.
Игі шара – ел ішіндегі мейірімділік пен қамқорлықты арттыруға бағытталды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі