Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты мешіттердің ауласына көктем шығысымен сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тәтті ауылдық мешіті, «Шәкір ата» мешіті, Сыпатай ауылдық мешіті және «Жүніс молда» мешітінің айыналасына ағаштар отырғызылды.
Мұхаммед Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандайда бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады», - деген.
«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді», - дейді дана халқымыз. Қалған ауылдық мешіттеріміздің іші-сырты тазаланып, сенбілік жұмыстары жасалды. Мешіт ауласын көркейтуге атсалысқан барша азаматтарымызға алғыс білдіреміз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі