Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде өткен жиналыста Рамазан айында белсенді қызмет атқарған имамдарға алғыс білдіріп, құрмет көрсетілді.
Аудан бас имамы Азамат Берікұлы, қасиетті Рамазан айында үздік нәтижелер көрсетіп, әрдайым сауапты істерге, қайырымдылық іс-шараларға белсенді атсалысқан ауыл имамдары Көктал Мадияр, Қасымалиев Батырбек, Көпбосынов Асхаттың атқарған қызметтеріне алғыс айтып, кітаптар сыйлады.
Алла Тағала барлық дін қызметінде жүрген имамдарымыздың еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілейміз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі