Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Меркі қарасты имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл имам-молдаларына облыстан берілген тапсырмаларды түсіндіріп, бірқатар жұмыстар жүктеді.
Атап айтсақ, мешіт ауласын таза ұстау, белгіленген бағыт бойынша жұмыс атқару, имам-молдалардың білімін жетілдіру мақсатында ислам институтына екі айлық оқуға бару, қызметке үлкен жауапкершілікпен белсенділік танытып жұмыс атқару тапсырылды. Жиналған имам-молдалар аудан имамының сөзін қолдап, бірлесіп жұмыс атқаратындарын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі