Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауыл имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар жүргізді.
Жиын барысында бас имам ауыл имамдарына діни басқарманың жұмыс бағыттарының бірі – уағыз-насихат саласын жетілдіріп отыруды басты назарға ұстау керек екендігі жайлы айтып, «Уағыз-Насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжатымаен таныстырды. Аудан бас имамы уағыз айту барысында діни қызметкердің өзін ұстауы, әдеп пен этикаға мән беру, киген киімнің тазалығына көңіл бөліп, күнделікті уағыз айтудың әдебін де жақсы білу қажеттігін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі