Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Қордай ауданы, Кенен ауылы «Кенен» мешіті имамы Саят Құрманғалиұлының ұйымдастыруымен аз қамтылған жиырма үш отбасыларға көмек берілді. Жалпы жұмсалған қаражат 460мың теңгеге . Төрт отбасыға азық-түлікпен, он тоғыз отбасыға қаржылай жасалған көмекке ат салысқан жамағатқа алғыс айтылды. Жасалған ізгіліктер артып, қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі