Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылындағы «Бесағаш» мешітінің азаншысы Сабыр Азамат ауылдың қыз-келіншектеріне арнап ҚМДБ жариялаған “Ислам және отбасы құндылығы” жылына орай “Ислам және отбасы” тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Кездесуде отбасыдағы әйелдің орны мен жауапкершілігіне, оның тәрбиесінің қоғам болашағына әсеріне ерекше тоқталды. Ғибратты оқиғалардан мысал келтіріп, әйел – отбасының ұйытқысы, ал әдептілік – имани тәрбиенің жемісі екенін айтты.
– Әйелді тәрбиелеу – әлемді тәрбиелеу. Әдепті әйел – еркектің дінінің жартысын толықтырады. Егер отбасының іргетасы діни тәрбиеге негізделсе, онда әулет те берекелі, ғұмырлы болмақ, – деді уағызшы.
Жамағат бұл кездесуден рухани азық алып, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі