Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылындағы «Нұртай ата» мешітінің молдасы Естеков Сәбит жамағатпен кездесу өткізіп, “Дін мен дәстүр” тақырыбын кеңінен тарқатты.
Кездесу барысында ол ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі шариғатқа сай өрілгенін, салт-дәстүріміздің дінмен сабақтас екенін мысалдар арқылы түсіндірді. Жиын барысында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, молда тарапынан нақты да жүйелі жауаптар берілді.
Игі басқосу жамағатқа рухани серпін беріп, ұлттық болмыс пен имани құндылықтың байланысын терең ұғынуға жол ашты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі