Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында жамағат мешіт имамы Нұртуған Умирзаковпен бірге Қадір түнін күтті. Асханада ауызашар және сәресі берілді.
Жамағатқа викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар таратылды және белсенді жамағатқа алғыс хаттар табысталды. Барша жиналған жамағат мұсылмандар үшін дұға жасап, ерікті құлшылықпен түнін аяқтады.
Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі
<img