Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) «Сендердің бірің бауырының қажетінде болуларың мына мешітімнен шықпай құлшылық еткендеріңнен хайырлы» деді. Ендеше басқаның жан дүниесіне үңіліп, оның қажетіне жарау, жанынан табылу өте маңызды. Мұсылман мұсылманға бауыр. Исламның ең үлкен сипаты - осы басқаның қажетіне жарау, оған пайдалы болуды көрсетеді.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты ауқымды қайырымдылық шара өтті. Бұл қайырымдылықта жүз отбасын азық – түлік қоржынымен қамтамассыз етілді. Аудан бас имамы сөз сөйлеп, барша жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі