Жуалы ауданы бойынша бүгін барлық мешітінде Ораза айт намазы оқылды. Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітіндегі айт намазына Қабылбекұлы Ғалымжан қатысып, жамағатты мұсылмандардың ұлық мейрамымен құттықтады.
«Алла Тағала жиырма тоғыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірген садақамызды қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!» деді аудан бас имамы. Сондай-ақ Бас мүфти Ораза айт мерекесін берекелі де сауапты етіп өткізуге және . айт мейрамында ағайын-туыстың амандығын біліп, жақыныңды қуантуға асыққан абзал –деп атап өтті. Соңынан мешітке келген жамағаттармен айт намазы оқылған соң, Құран бағыштап дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешіттерінің баспасөз қызметі.