ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайдың қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент ауызашарға жиналған қауымды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен құттықтап, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразалары қабыл болуына тілектестік білдірді. Сондай-ақ Көкше жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында көптеген салмақты ұсыныс айтылып, қоғамды толғандырып жүрген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті.

«Елдік істе күш біріктіру – біртұтас ұлтқа тән қасиет. Сіздер әрдайым азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Рамазан айы – «Айлардың сұлтаны». Осы кезде азаматтарымыз игі амалдар жасауға тырысады. Мұқтаж жандарға көмектеседі. Иман келтіріп, рухани жағынан тазарады. Түптеп келгенде, мұның бәрі жұртымыздың ынтымағын арттырады. Берекелі бірлігімізді бекемдей түседі» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 14 наурызда еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарында Президент атынан ауызашар берілді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: