«Рахман» мешіті ұстазы Айгул Жолдасқызының басқаруымен шәкірттер арасында «Рамазан - рухани азық» атты куиз сайысы өтті. Жарысқа «Қордай» мешіті мен «Рахман» мешіті әжелер алқасы мүшелері, шәкірттермен қатысты.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Екі топ та барын салып сайысқа түсті. Сұрақ-жауап және ойындардан құралған жарыста екі топта тең түсіп , жеңілмеуге бар күш жігерін, ықылас ниетін, білімін салды. Қатысушыларға сыйлықтар беріліп, алғыс айтылды.
Қасиетті айда жасаған дға-тілектер, ізгі амалдар қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі