Қордай: Ұлағатты ұстаздар уағыз-насихаты

Қордай: Ұлағатты ұстаздар уағыз-насихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауылының «Рахман» мешітіне арнайы шақыртумен келген аудан ұстаздары жамағатқа әсерлі насихат айтты. Іс-шара барысында Қордай ауданының әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызы «Рамазан айының құндылығы», «Құдайберген» мешітінің ұстазы Малика Аханқызы «Қадір түніндегі құлшылық», Қордай ауылдық мешітінің ұстазы Жұлдыз Жұмабайқызы «Рамазан айының қасиеті» тақырыптарында баяндама жасады.

Кеш барысында жамағат көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Ұстаздар көпшілікті мүбәрак аймен құттықтап, ізгі амалдарымыздың қабыл болуын, келесі жылғы Рамазанға аман-есен жетуді Алла нәсіп етсін деген игі тілектерін білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: