Қордай: «Сахаба» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Қордай: «Сахаба» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде Құранның зам сүрелерін жатқа оқудан сайыс өтті.

Жарысты мешіттің бас имамы Серік Рахимбаев пен ауыл ардагері, мешіт жамағатының мүшесі Сейілхан қария дұға жасап, бата беріп ашты. Қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Сайыс екі номинация бойынша өтті:

  1. «Нас-Зилзала» сүрелерін жатқа оқу

  2. Бір сүрені мәнерлеп оқу

Жеңімпаздар тізімі:

Нас-Зилзала сүрелерін жатқа оқу бойынша:
1-орын – Серікқұл Фатима (15 000 тг)
2-орын – Мақсұт Рахман (10 000 тг)
3-орын – Сәлімов Абдуәли (5 000 тг)

Бір сүрені мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын – Әмина Сәлімова (жайнамаз)
2-орын – Жанат Оразбаева (жайнамаз)
3-орын – Баршынай Жөненбарова (жайнамаз)
3-орын – Жұлдыз Рейм (жайнамаз)

Барлық қатысушыларға Құран Кәрім кітабы сыйға тартылды. Жеңімпаздарды марапаттауға ауданның бас имамы арнайы қатысты.

Алла Тағала шәкірттердің зейінін ашып, қасиетті Құранды оқуды, жаттауды және онымен амал етуді жеңілдетсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: