Аудандық ардагерлер кеңесі мен билер алқасының ұйымдастыруымен батагөй қариялардың «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты байқауы өтті. Бақ сынасуға ең үлкені 82 жаста, ең кішісі 64 жастағы қариялар қатысты. Барлығы 15 қария. Байқау мақсаты – ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, тәрбиелік маңызын және бата берудің түрлерін, шеберлігін, көркемдік дәрежесін арттыру. Және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа тәрбиелеу, имандылыққа, әдептілікке бұру көзделді.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: Ұлттық салт-дәстүр бойынша, Атақты баталар, Өзінің жеке батасы, Сұрақ-жауап. Қатысушыларға сый-сыяпат беріліп, марапатталды. Арнайы келген қонақтар және соның ішінде ауданның бас имамы белсенділік танытқан қарияларға алғыс білдірді.
Аудандық «Қордай» баспасөз қызметі