ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Пәтуа бөліміне жауапты маманы Сейтқали Әбдіқадыр ұстаз Тараз қаласындағы Һибатулла Тарази мешітінде пәтуа сағатын өткізді. Жиын барысында жамағатқа ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар мен үкімдер таныстырылды.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Пәтуа бөлімінің өңірлердегі жауапты мамандары Талас және Т. Рысқұлов аудандарында да пәтуа сағаттарын ұйымдастырды.

Кездесу барысында оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар жан-жақты түсіндіріліп, жамағаттың сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ, Рамазан айының қадірі мен оны құлшылықпен өткізудің маңызы атап өтілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: