Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен жағдайы төмен 100 отбасыға «Рамазан сыйы» атауымен азық-түлік салынған қорапшалар таратылды.
Шараға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінен Серік Балабеков ақсақал келіп қатысты. Аудан имамы: «Рамазан – қайырымдылық пен мейірімділіктің айы. Қасиетті айда сауаптар еселеніп жазылады. Осы мақсатта көпбалалы ата-аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін арнайы «Рамазан сыйы» акциясы ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз – рамазан айында әр отбасыға қуаныш сыйлау. Аталмыш қайырымдылық шара алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді. Серік Балабеков ақсақал Алланың үйінде жиылған жұртшылықты наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді.