Ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Күнту баба» мешітінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс бағдарламасына ұлттық ойындар арқан тарту, қол күрес және ләңгі тебу сайыстары енгізіліп, мешіт жамағаты белсенді түрде қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен арнайы сыйлықтартабысталып, жарысты ұйымдастыруға жалпы100 мың теңге қаражат жұмсалды.
Кеш соңында ауызашар дастарханы жайылып, ұлттық тағам Наурыз көжеден дәм татты.
Дүбірлетіп өткен бұл шара ауыл тұрғындарының көңілдерінен шығып, мереке қуанышқа толы болған игі іс ұлттық спортты дәріптеу мен мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыруға бағытталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.