Қазақ халқы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді қастерлейді. Осындай мақсатта, орталық «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар секторыНаурыз мерекесіне орай қазақтың дәстүрлі салт-жоралғыларын дәріптеуге арналған іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында Әжелер алқасы баланы бесікке бөлеу және тұсау кесу рәсімдерін өткізді. Жиналған көпшілік бұл ұлттық дәстүрлердің маңыздылығына куә болып, ақ жаулықты аналардың өнегелі ақыл-кеңестерін тыңдады.
Осындай игі бастамалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастарға рухани тәрбие беруге ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.