Әбу Зар әл-Ғифариден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жамандығыңның артын оны өшіретін жақсылықпен ұластыр әрі адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас жаса», – деп өсиет еткен.
Осы хадисті негізге ала отырып, "Жүніс молда" мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызы жамағатқа "Мұсылман адамның өзге мұсылманға деген сыйластығы" тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Дәрісте көркем мінездің маңызы, мұсылмандар арасындағы бауырмалдық және қарым-қатынас әдебі жайында кеңінен түсіндірілді.
Жамағат ұстаздың айтқан уағызынан әсер алып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Меркі аудандық” Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі