Меркі ауданына қарасты "Жүніс молда" мешітінің дәрісханасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл игі шара "Тазалық – иманның жартысы" қағидасын негізге ала отырып ұйымдастырылды.
Жамағат мешіт аумағы мен дәрісхананы ретке келтіріп, тазалыққа мән берудің маңыздылығын насихаттады. Алдағы уақытта да осындай сауапты істер жалғасын табатын болады.
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі