Қасиетті Рамазан айында Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдиннің ұйымдастыруымен игі іс-шара өтті. Бұл шара аясында ауыл кәсіпкері Нұрлан ағамыз өз зекетін беріп, жағдайы төмен 6 отбасыға бір-бір қойдан табыс етті.
Сейткамаладдин имам кәсіпкерге алғыс айтып, зекетінің қабыл болуын, кәсібінің берекелі болуын тілеп, ақжарма батасын берді. Өз кезегінде көмек алған жандар да риясыз алғыстарын білдірді.
Ақкөл мешітінің баспасөз қызметі