Меркі ата және Жүніс молда мешіттерінің әйелдер мен қыздар жамағаты кезекті ауызашар өткізді. Қасиетті Рамазан айында "Меркі ата" мешітінің және "Жүніс" молда мешітінің әйелдер мен қыздар жамағаты ерекше бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Мешіттерде ұйымдастырылған кезекті ауыз ашар шарасында әйелдер мен қыздар өзара жамағат болып, бірге ауыз ашты. Бұл шара Рамазан айының рухани мәнін терең сезінуге, мұсылмандардың бірлігі мен бауырмашылығын нығайтуға зор ықпал етті.
Кезекті ауыз ашар кезінде әйелдер мен қыздар үшін арнайы дайындалған тамақтар мешіттің әйелдер секторына берілді. Тамақтар дәстүрлі түрде асып, жамағатқа қолжетімді етіп ұсынылды. Әрбір қатысушыға дастархан жайылып, оразасын ашуға мүмкіндіктер жасалды. Мұндай ауыз ашарлар — бұл тек ішіп-жеудің ғана емес, сондай-ақ, бір-біріне қолдау көрсету мен құрмет көрсету дәстүрін нығайтуға арналған маңызды шаралар.
Әрбір қатысушының көңіл күйін көтеріп, бірге уақыт өткізу арқылы әйелдер мен қыздар жамағаты бір-біріне бауырмалдық пен ізгілік танытты. Бұл шаралар мешіттің әйелдер мен қыздар секторында жаңа достар табуға, қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ, жамағат арасында Рамазанның маңыздылығын түсіндіруге үлкен септігін тигізді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.