Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты шара ұйымдастырылып, 32 жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шарасы өтті. Қанат Тұмарбекұлы әр отбасының жағдайымен танысып, Рамазан айымен құттықтап, қарияларымыздың батасын алды.
Жалпы қайырымдылыққа 620 000 теңге көлемінде азық-түлік салынған пакеттер және қорапшалар таратылды.