Жамбыл облысы Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің наиб имамы, әрі облыс бойынша «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлы Сарыкемер ауылы «Ар Рахман» мешітінің жанынан ашылған Кеңес беру орталығында жаңадан шаңырақ көтерген жас-жұбайларға «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.
Ғарифулла Қуанышбекұлы насихатында: «Ислам дінінде отбасыға ерекше назар аударылған. Құран Кәрімде Алла Тағала:
«Оның (Алланың құдіретін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – өз болмыстарыңнан жандарың жай тапсын деп, сендер үшін жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірімділік сезімін ұялатты. Расында осыны ақылға салып, ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер мен ғибрат бар» («Рум» сүресі, 21-аят), деп, ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністіктің маңызы өте жоғары, - деді.
Насихат соңында жас-жұбайларға муфтият баспасынан шыққан кітап және ауызашарға құрма мен су сыйға берілді.