ҚМДБ Оқу ағарту бағыты бойынша Рамазан айында атқарылатын жоспарға сәйкес «Хатым Құран» жобасымен күнде Аудандық «Қордай» мешітінде бесін намазынан кейін жиналған жамағатпен 1 пара Хатым Құран оқылуда. Қордай ауылдық мешіттерінде хатыммен тарауих намазын өткізіп жүрген қариларымыз, құлақтан кіріп бойды алар әсем дауысымен көк күмбезі көкпен таласқан мешіттерді жаңғыртуда.
Рамазан айының бірінші күні басталған хатым ораза айт күні жамағатпен бірге бағышталатын болады. Оқылып жатқан хатым korday_meshet инстагарм парақшасында күнделікті тікелей эфирде көрсетіледі.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі