Аудандық «Қордай» мешітінде тарауих намазына келген жамағатқа уағыз-насихат жүйелі түрде жүргізілуде. Ауданның бас имамы мен аудандық мешіт наиб имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітіп берген тақырыптары бойынша көпшілікке өтімді уағыздарын айтуда. Сонымен қатар сол күнгі тарауих намазында оқылатын Құран айттарын ашықтауда, мағынасын түсіндіруде.
Жүйелі түрде айтылып жатқан насихатты ұйып тыңдаған жамағат дін қызметкерлеріне алғысын білдіруде!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі