Бүгін ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде «Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дәстүртанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, қалалық «Халал Даму» бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Шариғат және пәтуа» бөлімінің мананы Берік Шотабеков, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова, қалалық «Әжелер» мектебінің топ жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова, ұстаздар мен әжелеріміз қатысты.
Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты – отбасы құрған азаматтарымызға ұлттық салт дәстүр негізінде тәлім-тәрбие беру, соның ішінде рухани күйзеліске ұшырағандарға рухани қолдау көрсету, ермен әйел мінддетір, ана болу, бала тәрбиесі, отбасылық өмір, т.б. асыл құндылықтар жөнінде кеңес беріледі.
Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жаңадан ашылған кеңес беру орталығының жұмысын дамыту үшін түрлі деңгейде семинарлар, басқоуслар, дәрістер өткізілетінін атап өтті.
Айта кетсек, аталмыш кеңес беру орталығы қаладағы «Байғұт баба», «Ордабасы», «Қождан ата», «Исамиддин баба», «Темірші ата» мешіттерінде ашылып, жұмысы нәтижесі бойынша 150 отбасыға кеңес беріліп, өмірлері оң қадамға бағытталды.





