«Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп сұрақтарға тез, шапшаң жауап беруі керек.
«Берекелі ай – Рамазан» рухани кешіне келген қонақтар арасында куиз форматында сайысы өтті. Қонақтар отырған үстелдерімен топтарға бөлініп белгіленген уақыт аралығында сұрақтарға жауап берді. Діни сұрақтар аясында болған сұрақтар дұғаларды, хадистерді қамтылды. Ойынға қатысқан қатысушыларға алғыс айтылып, сыйлықтар берілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448

