Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы Рамазан айына арналған жұмыс жоспары анықтамалығы негізінде және 15 наурыз "Қайырымдылық күніне" орай «Көршіңе қуаныш сыйла!» акциясы аясында Талас аудандық "Қажы би" мешітінің имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы Рамазан айында көршіге көңіл бөлу бастамаларын насихаттау, қоғамға үлгі ретінде көршілеріне қуаныш сыйлады.
Қазіргі қоғамда біз көршімізбен қандаймыз? Кей кезде көрші ақысын елеусіз қалдырып жататын жайттар болады. Бір шайнек шай мен жылы қабақты да қимайды.
Қалай болғанда да қабырғалас көршіңнен жақын да жанашыр жан болмайтынын есімізден шығармаған абзал. Сондықтан, бабадан қалған дініміз бен дәстүр, салттарымызды сақтасақ мұсылмандық, жалпы адами парызымызды орындағанымыз болып есептеледі. «Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздағанда» ғана емес, жылы шырай мен адами мейірім үшін бүгіннен бастап көршілерімізге тиесілі ақысын берейік!
Талас аудандық "Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі