АҚТАУДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АҚТАУДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өтті.

Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздарына арналған танымдық шарада ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Темірлан Дарханұлы уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және әдептілік мінез-құлық қағидалары жөнінде кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы мүфтиятқа қарасты қордың атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамалары және 2025 жылға арналған жаңа жұмыс жоспарлары жайлы баяндады.

Бұдан бөлек РАНТ мүшесі Темірлан Дарханұлы Жаңаөзен қаласына қарасты мешіт имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Ол уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу уағыз айтудың әдептеріне, көпшілік алдында өзін мәдениетті ұстап, насихатын көркем мінезбен жеткізуді және халықтың деңгейіне қарай тәрбиеге аса мән беруді тілге тиек етті.

   

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: