Соңғы тоғыз айда бір миллионнан астам ауған азаматы өз отанына қайта оралды. Бұл туралы TOLO News телеарнасы «Талибан» қозғалысы құрған үкіметтің Босқындар және репатриация министрлігінің өкілі Абдул Муталиб Хакканиге сілтеме жасап хабарлады.
"Соңғы тоғыз ай ішінде миллионнан астам ауғандықтар көршілес елдерден күштеп те, өз еріктерімен де Ауғанстанға оралды. Олардың қатарында шамамен 93 мың адам Пәкістаннан, 17 мыңнан астамы Түркиядан, ал қалған бөлігі Ираннан келген," – деп атап өтті Хаккани.
Айта кетейік, Халықаралық көші-қон ұйымы бұған дейін 2024 жылы Пәкістан мен Ираннан 1,2 миллионнан астам ауған мигрантының елге қайтқаны туралы мәлімет таратқан болатын.