Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен, кәсіпкер азамаматтардың қолдауымен 5 жағдайы төмен отбасыға «Қайырымдылық - қайырлы іс» атты шара аясында азық-түліктей көмек берілді.
Әр отбасыға бір қап ұн, өсімдік майы, күріш, вермишель, шай, май және т.б. азық-түлік берілді. Шараға 100 000 теңгеден аса қаражат жұмсалды.