Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт жамағатына «Ислам және отбасы» құндылықтары тақырыбында семинар өткізді.
Қанат Әділханұлы жамағатқа: «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айрықша маңыз берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігін жеткізген.
Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты», - деген.
Осыған қарап-ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерінің исламда анық көрсетілгенін байқауға болады. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен», - деп «Исламда үйленуге харам етілген әйелдер» тақырыбын слайд жүзінде жамағатқа дәріс жүргізді.