Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Абдіқадыр Давидұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатқа пәтуа сағатын өткізді.

    Абдіқадыр Давидұлы мешіт жамағатына: «Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз. Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтандырамыз. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты» дей келе бір қатар пәтуаларды айтып өтті. 

Өз кезегінде жамағат Абдіқадыр Давидұлына сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Пәтуа сағаты аясында «Пәтуалар жинағы» кітабы таныстырылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: