Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылы «Әбу Бакір Сыддық» мешітінің құрлысымен «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы танысып діни кітаптарды зерделеді.
Зерделеу барысында Бақытбек Бауыржанұлы ауыл имамы Ахмет Болысбекұлына: Мешіт құрылысы жоғары деңгейде сапалы жүруін қадағалау, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылау керектігін және Рамазан айына мешітті ашуға дайындау, бес уақыт намазды барынша жамағатпен оқу, және кітаптарды әр дайым қарап отыру, жат діни ағымға байланысты кітаптар шыққан жағдайда ауданға хабар беру керектігін айтты.