Байзақ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

Байзақ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Иманалиева Жазира Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің нәзік жандыларға «Білімнің артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

Иманлаиева Жазира насихатында: «Білімнің артықшылығын тереңірек аша түсу үшін ғалымдар: «Білім – надандықтың қарама-қарсы жағы. Білім – бір нәрсені өзінің ақиқат сипатымен тану» деген. Білімнің адам өмірін өзгертудегі және саналы ғұмыр кешу принциптерін жолға қоюдағы маңызы ескеріліп, хадисте: «Білім талап ету – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», - делінеді.

Білімнің артықшылғы жайында сөз ету қанша ғасыр өтсе де насихат ретінде өз дәрежесін жоймаған құндылық. Ғалымдар тарапынан білімге ынталандыру үрдісінің бір сәтке де толастамауының да сыры сол – білім адамның бақытты ғұмыр кешуінің кепілі. Мәселен, білімнің себебімен қазіргі таңда көптеген аурудың емі табылды. Көптеген дәрі-дәрмектер пайда болды. Кеше ғана талай адамның өмірін жалмап, емі жоқтай көрінген ауру түрлері, бүгінде оп-оңай емделетін жағдайға жетті»,-деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: