Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық мәдениет үйінде «Діннің атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында ауқымды діни іс-шара өтті.
Іс-шараға Байзақ аудандық «Байзак баба» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, «Тілеш қажы» мешітінің имамы Абиров Рахымбек Кенжебайұлы, наиб имам Кеңес Шерхан Мұратбекұлы, аудан көлеміндегі басқа да ауылдық округтердің имамдары мен молдалары, ауыл әкімі Ғ. Абаханов, ауыл әкімінің оранбасары Т.Байдилдаева, С.Абланов орта мектебінің ДҚТІЖО С.Утегенов, «Аналар алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Н.Ахметова, мүшесі С.Даменова, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары қатысты.
Ауыл тұрғындарымен өткізілген ауқымды іс-шара барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы діннің шынайы мәні мен жат ағымдардың қауіптілігін түсіндіріп, діни білім мен ақпараттық жұмыстар жүргізді. Бұл шараның мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттырып, қоғамда діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу.
Іс-шара соңында «Тілеш қажы» мешітінің бас имамы Рахымбек Кенжебайұлы сәуір айында Байзақ ауданының жамағаттары арасында «Адамзаттың асыл тәжі» пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі, кітабына байқау сәуір айында ұйымдастыратындығын хабарлады.